Пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлей отырып, жалақыны өндіріп алу
Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және Қазақстан Республикасының басқа нормативті құқықтық актілерден құралады.
Істерді қарастыру кезінде соттар Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, ал мемлекеттік қызметшілер, құқыққорғау органдары жұмыскерлерінің даулары бойынша – осы қызметті өтуді реттейтін арнайы заңдармен, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы өзгертулермен «еңбек дауларды шешу кезінде соттармен заңнамаларды қолданудың кейбір мәселелері туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 9 ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысымен, 1993 жылғы 09 сәуірдегі «Кәсіби одақ туралы» Қазақстан Республикасы заңымен, «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережелерді бекіту туралы» 2000 жылғы 29 желтоқсандағы №1394 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қолданылады.
Жиі бұзылған еңбек құқықтарды орнату туралы талаптармен бірге моральдық зиянды өтеу туралы талаптар қойылады, мысалы, жалақыны төлеуді ұстап тұру және т.с.с. Осындай жағдайларда, моральдық зиян өтеу туралы талаптарды шешу кезінде соттар жоғарыда аталған нормативті құқықтық актілерден басқа «Соттармен моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы №3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативті қаулысымен, АК-тің 141, 951, 952 баптарымен қолданылады.
Қолданылбаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлеумен жалақыны төлеу туралы еңбек даулары бойынша істерді қарастырудың сот тәжірибесі жалпы еңбек дауларды қарастыру тиісті түрде жүзеге асырылады, бірыңғай тәжірибе орналады.
Қолданылбаған еңбек демалысы үшін өтемақыны төлеумен жалақыны төлеу туралы талап арыздар бойынша істер қанағаттандырылады және заңнаманы қолдануда аса қиыншылықтарды тудырмайды. Қолданылбаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы жалақы бойынша қарыз сияқты орнатылады. Ережедегідей, аталған талаптар жалақыны өндірумен бірге қойылады. Аталған санаттағы істер бойынша сот тәжірибесі жалақыны өндіру туралы еңбек дауларды қарастыру тәжірибесінен ерекшеленбейді.
Қолданылбаған еңбек демалысы үшін еңбекақыны төлеу және ақшалай өтемақыны өндіру туралы талап арыздармен көбінесе коммерциялық ұйымдар және жалпы саны 80 % жеке кәсіпкермен еңбек қатынастарда тұратын жұмыскерлер жүгінеді.
Аталған санаттағы істер бойынша сот актілері шешімдер ретінде қабылданады, олардың мазмұны шешімнің құрылымы мен мазмұны туралы АІЖК-нің 220, 221 баптарына сәйкес келеді.
Жұмыскерге есептелгендерді өндіру туралы талап қойылатын, бірақ жалақы төленбенетін талап арыздар бойынша сырттай шешімдердің саны шамалы.
ҚР ЕК-нің 32, 33 баптарының бұзылғаны жағдайында еңбек шарты жасалмайды, жұмысқа қабылдау туралы құжаттар болмайды. Жұмыскерлерді жұмыстан шығару еңбек заңнаманың қатаң бұзушылықтармен іске асырылады, еңбек кітапшаны беру және жалақыны төлеу кешіктіріледі. Аталған жағдайлар істерді қарастыруды қиындатады.
Мынаны ескеру қажет, сотқа жүгенген кезде бұзылған құқықтар көп жағдайларда қалпына келтіріледі. Жұмыскерлерге жалақыны төлемеудің себептері жұмыс берушінің қаржылық тұрақсыздығы болып табылады, сонын салдарынан талап арыздар массалық сипатқа ие.
Астана қ. Алматы қалалық сотымен жалақы бойынша қарызды өндіру және қолданылбаған еңбек демалысы үшін өтемақыны өндіру туралы Т.Б. Д.«ДизайнСтройМонтаж-НС»-не қатысты іс қарастырылды, талапкер 937 664 тенге көлемінде жалақы бойынша қарызды, 94 065 тенге көлемінде қолданылбаған еңбек демалысы үшін өтемақыны, 370 374 тенге көлемінде жұмысты жоғалтумен байланысты өтемақыны өндіру сұраған.
Сотпен талапкердің талаптары жартылай қанағаттандырылды және жалақы бойынша міндетті зейнеткерлік түсімді және 630 000 тенге көлемінде жеке салықты ұстаумен, сонымен қоса 84165 тенге сомада қолданылбаған еңбек демалысы үшін өтемақы сомасы өндіріп алынды. Барлығы 714165 тенге өндіріп алынды. Талапкердің талаптарында 370 374 тенге сомада жұмысты жоғалтумен байланысты өтемақы төлеуді өндіріп алу туралы талабы ҚР Еңбек кодексінің 157 бабының 2 бөлігіне сәйкес еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дәйексіз ақпарат берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
Шығыс-Қазақстан облысы, Астана қ. соттарында жалақыны өндіру және қолданылбаған еңбек демалысы үшін өтемақы өндіру туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) бұрынғы қызметкерлердің талап арыздары бойынша азаматтық істер қарастырылды. Талапкерлер өздерінің талаптарын оларды жұмыстан шығару кезінде олар «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабына сәйкес мемлекеттік қызметте үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар төрт орташа айлық жалақы көлемінде төлеу жатады.
2014 жылғы 06 тамыздағы N883«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» (кейін-Жарлық) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қаржы полициясы органдары (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі) және оның аумақтық бөлімшелері жойылды.
Қаржы полициясы органдарында талапкерлердің еңбек жұмысы оның жойылуымен байланысты тоқтатылды.
Жарлықты орындау мақсатында әрбір Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) облыстар бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) жойылуымен байланысты мәселелерді шешу бойынша аумақтық ликвидациялық комиссиялар құрылған. 2014 жылғы 06 тамыздағы №883 Жарлығымен жойылған Агенттіктің функциялары мен уәкілеттері: сыбайлас жемқорлық қылмыстарды және құқықбұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жою, ашу және тергеу бойынша – жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі; - экономикалық және қаржы қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жою, ашу және тергеу бойынша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне берілді.
2014 жылғы 24 қарашадағы № 1227 ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің бұйрығымен жойылған Агенттіктің мүлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне берілді. Жойылған Агенттіктің бір мүлігі құрылған мемлекеттік кірістер Комитеті үшін Қаржы министрлігіне берілді, оған қаржы полициясы органдары жеке құрамының функцияларының бір бөлігі берілді.
ҚР АК 50 бабына сәйкес ликвидациялық комиссияны тағайындау күнінен бастап оған заңды тұлғаның істері мен мүлігін басқару бойынша уәкілеттері беріледі. Жойылатын заңды тұлғаның кредиторларына ақша төлеу АК 51 бабына сәйкес ликвидациялық комиссиямен жүргізіледі.
Азаматтық кодекстің жоғарыда аталған нормаларынан заңды тұлғаның ликвидациялық комиссиясы жойылатын заңды тұлғаның істері мен мүліктерін басқару бойынша уәкілеттермен бөлінген.
Жауапкер қаржы полициясы органының (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі) құқыққа ие бола алмағандықтан және Агенттік, Қаржы полициясы агенттік аумақтық органдары басшыларының, соның ішінде жеке құрам бойынша бұйрықтарын жою немесе өзгерту құқығына ие болмаған, жауаркерге өтемақыны есептеу бөлігінде бұйрыққа өзгертулерді енгізу бойынша міндет қойылу мүмкін емес.
Жоғарыда аталған нормаға сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда аталған Жарлығын орындау мақсатында, әрбір Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) облыстар бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) жойылуымен байланысты мәселелерді шешу бойынша аумақтық ликвидациялық комиссиялар құрылған.
Қазіргі уақытта жойылған Агенттіктің ликвидациялық комиссиясы жойылған Агенттіктің барлық кредиторлармен есептесу үшін мүлік те, ақшалай қаражаттар да жоқ. Ликвидациялық комиссия Қаржы министрлігіне аралық ликвидациялық баланс дайындады және тапсырды және тиісті жұмысты өткізді. Қазіргі уақытта резервтен қаражаттарды бөлу туралы Үкімет қаулысының жобасы Қаржы министрлігінің қарастырылуында.
Осыған байланысты, талапкерлердің талап арыздарын қанағаттандырудан бас тартылды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.
Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.